Сұрақ :  Менің 4 жастағы балам бар және мен жұмыс істемесем асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығым бар ма?     

Сұрақ :  Менің 4 жастағы балам бар және мен жұмыс істемесем асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығым бар ма?     

Жауап: Иә. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126  Заңына сәйкес асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға:

         егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi құқығы бар.