Іске қатысатын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу

Іске қатысатын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысатын тұлғаның ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін, іскерлік беделін кемітетін әрекеттерге тыйым салынады.

      Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен, сондай-ақ басқа да тұлғалардың осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасауына байланысты жеке тұлғаға келтірілген моральдық зиян, жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға келтірілген залалдар заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.