Сұрақ жауап

Сұрақ жауап

Сұрақ: Егер міндетті зейнетақы жарналарының аударымдары уақтылы төленбесе немесе салық режиміне сәйкес тоқсан сайын немесе жылына бір рет аударылса, базалық зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі еңбек өтілін қалай растауға болады?

Жауап: 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа әдісі енгізілді, оған сәйкес оның мөлшері әрбір алушыға зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтіліне байланысты қарай белгіленеді.

Зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне ынтымақтастық жүйесінде (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша), растайтын құжаттар негізінде жасалған еңбек өтілі кіреді. Сонымен бірге, 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшіп жатқанын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған мәліметтер базасынан алынған ақпараттармен расталатын азаматтарды өздерінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ынталандыру мақсатында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі зейнетақы жүйесіндегі жұмыс стажы міндетті зейнетақы жарналарын аудару мерзімдері негізінде есепке алынады.

Міндетті зейнетақы жарналарын толық емес немесе уақтылы аудармаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімі жұмыс берушінің (мұрагердің) міндетті зейнетақы жарналарын аударғаны туралы анықтамамен (Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) немесе міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мұрағат мекемесінен (міндетті зейнетақы жарналары өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген жұмыс кезеңдеріне сәйкес келгенде), сондай-ақ сот шешімі бойынша расталады. Құжаттар Мемлекеттік корпорацияға тапсырылады.