Әкімшілік орган,лауазымды адам өзінің бастамасы бойынша немесе әкімшілік рәсімге катысушының өтініш хаты бойынша әкімшілік актінің мазмұнын өзгертпей, әкімшілік актіде жіберілген қате жазуларды және (немесе) арифметикалық қателерді түзетуге құқылы.
Әкімшілік орган, лауазымды адамт үзету үшін қажет құжатты талап етуге құқылы.
Қате жазуларды және (немесе) арифметикалық қателерді түзетулер туралы өтініш хаты қарау арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қатежазуларжәне (немесе) арифметикалық қателер лауазымды адамның қолымен расталады.
Түзетілген әкімшілік актінің көшірмесі әкімшілік акт түзетілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушыға жіберіледі.