«Медициналық қызметкер күніне» арналған салтанатты жиыны

«Медициналық қызметкер күніне» арналған салтанатты жиыны

2021 жылдың 18 маусымында «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де «Медициналық қызметкер күніне» арналған салтанатты жиыны өтті. Департамент басшысы Мереке Тілеужанұлы Мұхамедияров медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкерлерін кәсіби мейрамымен құттықтады.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Елена Ұланқызы Сугурова «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» медалімен марапатталды, №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Жанат Қорғанұлы Сыздықов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды, №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Ирина Павловна Чекашкина Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.