Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері бойынша үйлестіру кеңесінің 2-ші отырысы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері бойынша үйлестіру кеңесінің 2-ші отырысы

2021 жылдың 18 маусымында облыс әкімінің орынбасары                 А.Ж. Сақыпкереевтің төрағалық етуімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектер істері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Аталған отырыста «Мүгедектігі бар тұлғалардың жеке оңалту бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалу нәтижелері туралы. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің тексеріс қорытындылары туралы» мәселесі қаралды.

Кеңеске Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Т. Мұхамедияров қатысып, жоғарыда аталған сұрақ бойынша сөз сөйледі.