Департамент мамандарының Айыртау ауданы прокуратурасының тексерістеріне қатысуы

Департамент мамандарының Айыртау ауданы прокуратурасының тексерістеріне қатысуы

Айыртау ауданының прокуратурасымен мүгедектер мен қарттардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйі, сондай-ақ 2019, 2020 жылғы және 2021 жылдың өткен кезеңіндегі Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы бойынша «Айыртау әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де тексеріс жүргізіліп жатыр.

Аталған тексеріске департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары қатысты.

Тексерістер барысында қызмет алушылардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы және мүгедектерді ұстау шарттары бойынша мәселелері қаралып жатыр.