Адамды мүгедек деп тануға қандай жағдайлар негіз болып табылады?

Адамды мүгедек деп тануға қандай жағдайлар негіз болып табылады?

1) организм функцияларының тұрақты бұзылулары бар денсаулықтың бұзылуы;

2) тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне-өзі қызмет көрсетуді жүзеге асыру, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, Оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айрылуы);

3) әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздер болып табылады.