Баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі.

Баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі.

Азаматтық істер бойынша Сот төрелігі баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі негізінде жүзеге асырылады.

Азаматтық сот ісін жүргізу барысында: азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді, олардың ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, намысына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды;

заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысын орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына байланысты және басқа да мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықтан иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізудің талаптары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.