"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңға сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2001 жылғы 1 шілдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы - 60 жасты құрайды.
Бұл ретте зейнеткерлікке ерте шығуының барлық қолданыстағы жеңілдіктері сақталады:
1) Төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқығы бар:
еркектер – 50 жасқа толғанда, әйелдер-45 жасқа толғанда.
2) 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқығы бар.
3) заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде:
еркектер – 55 жасқа толғанда;
әйелдер:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап-52 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап-52,5 жас;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-53 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап-53,5 жас;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап-54 жас;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап-54,5 жас;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап-55 жас.