2021 жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік төлемдерінің көлемі

2021 жылдың 1 тоқсанына әлеуметтік  төлемдерінің көлемі

2021 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша жәрдемақы төлеуге 2,5 млрд. теңгеден астам, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыне 602,0 млн.теңге қаражат жұмсалды.

2021 жылғы наурызда республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдеріге 1 млрд. теңгеден астам, оның ішінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеуге 852 млн. теңгеден астам, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақыға  205 млн.теңге қаражат жұмсалды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 17 мыңнан астам адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 5 мыңнан астам адамды құрайды.