Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары

Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары

   Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) қазақстандық патриотизм;

3) мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы қағидаттарына негізделеді;

4) азаматтар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы болып табылады;

5) мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;

6) азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы;

7) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;

8) мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі;

9) меритократия-мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету;

10) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төмен тұрған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін міндеттілігі болып табылады;

11) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;;

12) мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы болып табылады;

13) әдептілік;

14) құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаттарына негізделеді;

15) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;

16) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;

17) мәні бірдей жұмысты орындағаны үшін еңбекке тең ақы төлеу;

18) мемлекеттік қызметшілерді лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;

19) мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;

20) мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді.

       Мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.