Емдеу-профилактикалық протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету

Емдеу-профилактикалық протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету

Пайдалану мерзiмi 1 жыл емдеу-профилактикалық протездiк-ортопедиялық құралдармен:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi, сондай-ақ жеңілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдар;

      2) мүгедек балалар қамтамасыз етіледi.

Жалпы аурудан және бала жасынан болған бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, егер олар бұл азаматтарды мүгедектiкке әкеп соқтырған ауруды не жарақатты емдеуге арналса, емдеу-профилактикалық протездiк-ортопедиялық құралдармен 1 жыл пайдалану мерзiмiмен 50 пайыздық жеңiлдікпен қамтамасыз етіледi.