Тимирязев ауданында профилактикалық бақылау

Тимирязев ауданында профилактикалық бақылау

2021 жылдың 1-жартыжылдығына арналған объектілерді профилактикалық бақылау тізімі негізінде департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Тимирязев ауданында 4 объектіде (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жалпы білім беру қазақ мектеп-интернаты, С.Мұқанов атындағы жалпы білім беру мектеп-гимназиясы, «Қазпошта» АҚ СҚОФ бөлімшесі) профилактикалық бақылау жүргізіп жатыр.

Тексерістер барысында үйге арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы, объектіге қол жетімді мәселелері қаралады.