Жария сөз сөйлеу, БАҚ-пен қарым-қатынас

Жария сөз сөйлеу, БАҚ-пен қарым-қатынас

Жиналыс, презентация, брифингтер, конфиренциялар, жаңа ақпаратты бағыныштыларға жеткіз, баяндама немесе есеп-барлығын бір түсінікке біріктіруге болады, ол – жария сөз сөйлеу.

Әрқайсымыз жария сөз сөйлер алдында толқуды және қысылушылықты сезінеміз. Осы сезімдер БАҚ-та сөйлейтін болсақ, одан да үдей түседі, себебі аудиторияның реакциясы әртүрлі болуы мүмкін.

Біз кез кезген сөз сөйлеу жария сипатқа ие екендігін есте сақтауымыз қажет, сондықтан тындаушыға құрмет білдіре отырып, мемлекеттік қызметтің беделін түсірмей, барынша дұрыс формада анық ақпаратты таратуымыз керек.

Бізге мемлекеттік саясат және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өз пікірімізді жария айтудың қажет жоқ, егер ол:

  • Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе
  • Мариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашса
  • Мемлекеттің лауазымдық тұлғаларына қатысты бейәдеп пікірден тұрса.