Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

         Сұрақ:

Зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде мүгедек-баланы күту уақыты еңбек өтіліне кіре ме, өйткені мен осы уақыт аралығында жұмыс істеген жоқпын.

 

Жауап:

 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 21.06.2013 жылғы №105 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау бойынша еңбек өтілін есептеу кезінде 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы күту уақыты және бірінші топтағы мүгедекті күту уақыты есепке алынады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 қаулысымен бекітілген «Жасы бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау» және «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес, 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісі және және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күту мерзімі сот шешімімен расталады.

Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді.