Сұрақ: 18 жасқа толатын бала кезінен бірінші топтағы мүгедек баланың анасына бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тиесілі ме?
Жауап: 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес бірінші топтағы мүгедекке 18 жастан асқан кезінен бастап күтім жасау үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.
Бұл жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүгедек немесе оның заңды өкілі бала кезінен бірінші топтағы мүгедектікті белгілеудің барлық кезеңіне өтініш берген күннен бастап тағайындалады.
Бала кезінен әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқорлыққа мұқтаж бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілі береді. Жаңа жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсыру қажет.
2020 жылғы 1 сәуірден бастап жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 пайызын немесе 45736 теңгені құрайды.