🌷 Халықаралық қарттар күні құтты болсын!

🌷 Халықаралық қарттар күні құтты болсын!

Халықаралық қарттар күні Департамент басшысы мен мамандары қарт адамдардың шаңырақтарына арнайы барып, оларды осы айтулы әрі маңызы зор мерекемен шын жүректен құттықтады.

Кездесу барысында Департамент атынан аға буын өкілдеріне көп жылғы еңбегі, мол өмірлік тәжірибесі, даналығы және қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс білдірілді. Оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, жан тыныштығы мен жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленуді тіледі. Сондай-ақ мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

Департамент басшылығы мен ұжымы атынан барша аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз бен ақ баталарыңыз кейінгі ұрпақ үшін қашанда қымбат. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, елдің сый-құрметіне бөлене беріңіздер.

 

https://www.instagram.com/reel/Dd8ySLUo-AY/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==