
Құрметті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың басшылары!
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті міндетті лицензиялау енгізілгенін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тиісті лицензия болуы тиіс.
Лицензиялау мыналарды растауды көздейді:
· ұйымның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін;
· тиісті білімі бар қажетті мамандардың болуын;
· үй-жайдың санитариялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін;
· объектінің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді;
· қажетті материалдық-техникалық базаның болуын;
· қызмет алушыларды тамақтандыруды, тұруын және болуын ұйымдастыру кезінде белгіленген талаптардың сақталуын;
Лицензия алу тәртібі
1. Қажетті құжаттарды дайындау
2. Лицензия алуға өтініш беру;
3. Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруден өту;
4. Лицензия беру туралы шешім алу;
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асыру;
МАҢЫЗДЫ!
АрнаулыәлеуметтікқызметтеркөрсетудіжүзегеасыратынҮЕҰданҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасындабелгіленгентәртіппентиістілицензияалудықамтамасызетудісұраймыз
Лицензияныңболуыарнаулыәлеуметтікқызметтеркөрсетужөніндегіқызметтіжүзегеасырудыңміндеттішартыболыптабылады
НегізҚазақстанРеспубликасыЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғауминистрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығы, 2025 жылғы 1 қаңтарданбастапқолданыста
Ынтымақтастығыңызжәнемүгедектігібарадамдарғасапалыәріқауіпсізәлеуметтікқолдаудықамтамасызетугеқосқанүлесіңізүшіналғысбілдіреміз
Байланыс телефондары:
8-7152-32-0058
8-701-170-06-79