2020 жылдың 30 қарашасында «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онлайн-салтанатты жиыны өтті. Департамент басшысы Мұхамедияров М.Т. қызметкерлерді мемлекет үшін айтулы мерекемен құттықтады. Сөз сөйлеу барысында мемлекеттің тәуелсіздігі идеясын, халықтардың бірлігі мен келісімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіз, унитарлы мемлекет құрудағы Елбасының рөлін насихаттауға назар аударылды.
Қаржы және ұйымдық-техникалық қамсыздандыру бөлімінің бас маманы М.С. Махметова «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Қ. Қожағұлова құрмет грамотасымен марапатталды, №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Т.Н. Вржец, департамент жүргізушісі Б.Е. Каукебаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Қ.И. Ақсақаловтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Департамент қызметкерлеріне онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмірбаянына арналған фотокөрме ұсынылды.