
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасында 2024 жылдың 29 қазанында зейнеатақымен қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім іске асырылды, ол азаматтық тұлғаларға зейнетақы төлемдерін тағайындау бөлігіндегі қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді (ары қарай -Келісім). Келісім 2026 жылдың 1 сәуірінде күшіне енді.
Зейнетақы саласында ынтымақтастық - бұл еңбек өтілін өзара есепке алу, сондай – ақ әскери қызмет кезеңдерін және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және арнайы орта білім беру ұйымдарындағы оқу кезеңдерін еңбек өтіліне есептеу.
Келісімде сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жинақтаушы зейнетақыны экпорттау бойынша ынтымақтастықтың жаңа түрі қарастырылған.
ҚР Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы жүйесіндегі ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру бойынша ҚР құзіретті органдарының жұмысын ұйымдастыру регламенті 2026 жылғы 27 наурызда бекітілді.
Қожағұлова Б. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы
Мақала газетте жарияланған: