Мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары.

Мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары.

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі - ОЖБ) сәйкес жүзеге асырылады.

Әрбір мүгедекке медициналық көрсеткіштер бойынша ОЖБ әзірленеді, ол организмнің бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту шараларын қамтитын оңалту іс-шараларының кешенін айқындайды. Осы бағдарламаға сәйкес мүгедектер оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды кресло-арбалармен (бөлме, серуендеу) қамтамасыз ету "мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 26.01.2015 ж. №26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Мүгедектерді кресло-арбамен, бөлмелік кресло-арбалармен қамтамасыз ету кезінде пайдалану мерзіміне жеті жыл, серуендеуге арналған кресло - арбалар-төрт жыл беріледі.

Мұқтаж азаматтарға кресло-арбалар алуға құжаттарды ресімдеу үшін бөлімге ОЖБ-ны қоса отырып, жазбаша өтініш беру қажет.