Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау

Жасына  байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау 2001 жылғы                         1 шiлдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда,  әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.

Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау келесі кезеңмен жүргізіледі:

     

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;

 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі

Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

       1) ерлердің – 50 жасқа толғанда;

       2) әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

Бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.