Медициналық-әлеуметтік сараптама және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау

Медициналық-әлеуметтік сараптама және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің биылғы жылғы қызметі де барлық процестерді цифрландыруға және ашықтықты арттыруға бағытталған.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің негізгі міндеттерінің бірі медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес департамент 17 қызмет көрсетеді, 1 қызмет «мүгедектік және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу» болып табылады.

2021 жылдан бастап адамдардың департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне келмей-ақ тек медициналық мекемеге жүгінуін көздейтін сырттай проактивті форматта медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізу енгізілді.

Жыл сайын сырттай проактивті сараптама жүргізілетін аурулар тізбесі кеңейтілуде. Бүгінгі таңда бұл 15 нозология бойынша жүзеге асырылады.

2025 жылдың қаңтарынан бастап медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылар институты енгізілді, бұл денсаулық сақтау саласынан білікті кадрларды тартуға және мүгедектік белгілеу бойынша мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сырттай проактивті сараптама (қайта сараптама) республиканың басқа өңірлерінен үш экстерриториялық сарапшы және тәуелсіз сарапшымен (1 басшы, 2 бас маман немесе 1 тәуелсіз сарапшы) электрондық құжаттар мен электрондық форма негізінде қызмет алушының келісімімен жүргізіледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі өзгерістер жүзеге асырылып келеді.

Егер бұрын негізгі назар әлеуметтік төлемдер мен жекелеген қызметтер көрсетуге аударылса, бүгінде  инклюзивті қоғам құру қағидатына көшті.

Бұл – адамның мүмкіндігін шектеуге емес, қоғамдағы кедергілерді жоюға бағытталған саясат.

Мақсат – ерекше қажеттілігі бар азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, денсаулық сақтау қызметтеріне, қоғамдық өмірге және цифрлық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Осы бағытта Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр.

Заңнамалық база жетілдірілуде, қолжетімді орта қалыптастыру, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуды кеңейту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде елімізде шамамен 752 мың ерекше қажеттілігі бар азамат тұрады, соның ішінде біздің облысымызда 23 мыңнан (23879)  астам азамат тұрады.

Олардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Сондықтан біздің міндетіміз – тек әлеуметтік қолдау көрсету ғана емес, олардың қоғам өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік жасау.

Осы мақсатқа 2026 жылы мемлекеттік бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен республика бойынша 1,1 триллион теңгеден астам қаражат бағытталған. Бұл қаржы әлеуметтік төлемдерге, техникалық оңалту құралдарына, арнаулы әлеуметтік қызметтерге, оңалту орталықтарын дамытуға және ғылыми жұмыстарға жұмсалады.

Инклюзивті қоғамның маңызды көрсеткіштерінің бірі – қолжетімді орта.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізуде.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы министрліктің қызметінің ашықтығын арттыру және азаматтар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Интернет желісінде «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы (бұдан әрі – Портал) жұмыс істейді.

Портал арқылы мүгедектігі бар адамдар үйінде отырып-ақ компьютер немесе ұялы телефон арқылы Қазақстан бойынша бейімделген объектілерді көре алады.

Сонымен қатар, оңалтудың техникалық құралдарын, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерін, сондай-ақ санаторийлік емдеуді алу Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қолжетімді болды.

Бұл азаматтарға қажетті қызметтерді алуды айтарлықтай жеңілдетті (оңалту құралдарының өндірушісі мен жеткізушісін өз бетінше таңдап, қамтамасыз ету уақытын қысқартады).

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 655 ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 649 ұйым лицензия алып, 103 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетуде, оның ішінде біздің облыста 14 ұйым лицензия алды.

Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін тану механизмін енгізу де маңызды қадам болды: арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау кезінде тиісті сертификаттың болуы міндетті шартқа айналды.

Мүгедектігі бар азаматтарға лицензиясыз ұйымдарда көрсететін қызметтердің Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидаларына сәйкес келмеуі мүмкін екенін, бұл қызмет алушының оңалту нәтижесінің болмауына, денсаулық жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін екенін атап өткім келеді.

Сонымен қатар, министрлік бүгінгі күні медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізуде, бұл мүгедектік белгілеудің объективтілігін арттыруға, мемлекеттік бақылауды жетілдіруге және адами фактордың әсерін азайтуға бағытталған.

 

Бейнебаяндама: https://www.instagram.com/reel/DbFxxVjoyL3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==