
2026 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.В. Скубтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Г. Баймұқанова Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультативтік комиссияларының төрағаларымен кеңес өткізді.
Кеңес барысында Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары бөлінісінде 2026 жылдың І жартыжылдығында медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жолданған жағдайларға жүргізілген талдау нәтижелері, медициналық құжаттардың сапасыз дайындалуына байланысты актілердің кері қайтарылуы, азаматтарды МӘС-ке негізсіз жолдау мәселелері, сондай-ақ №031/е нысанындағы «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» құжатын толтыру сапасы қаралды.