Еңбекмині қазақстандықтардан Әлеуметтік қамсыздандыру кодексіне ұсыныстар жинайды

Еңбекмині қазақстандықтардан Әлеуметтік қамсыздандыру кодексіне ұсыныстар жинайды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу үшін азаматтардан ұсыныстар жинауға кірісті. Қазақстандықтар өз ұсыныстарын байланыстың 4 арнасы, яғни электрондық пошта, Facebook тобы, Telegram-канал және WhatsApp мессенджері арқылы жібере алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу және қабылдау арқылы әлеуметтік заңнаманы шоғырландыру жұмысын бастауды тапсырды.

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/125322?lang=kk