Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қорғау

Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қорғау

2026 жылғы 11 маусымдағы  «Айыртау таңы" аудандық газеттінде "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің "Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қорғау" тақырыбында мақаласы жарияланды.

 

Балалары бар отбасыларды әлеуметтік қорғау

Отбасында төртінші баласы дүниеге келген кезде отбасы көп балалы мәртебесіне  ие болады. Осы сәттен бастап ол 2026 жылғы қаңтардан бастап 63 айлық есептік көрсеткіш (одан әрі- АЕК) немесе 272 475 теңгені құрайтын бала тууға арналған біржолғы көтерме жәрдемақыға үміткер бола алады.

           Бір жарым жасқа дейінгі төртінші және одан да көп балаға күтім жасау бойынша ай сайынғы жәрдемақы 8,90 АЕК немесе 38493 теңгені құрайды. Бірақ мемлекеттің көмегі мұнымен бітпейді.

 Көп балалы отбасыларға кепілдендірілген жәрдемақы төленеді, ол табысқа да, отбасы мәртебесіне де байланысты емес, тек балалар санына байланысты.

         Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде отбасы құрамында туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар, егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар ескеріледі.

         Бұл ретте отбасы құрамында ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар ескерілмейді.

        Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға тағайындалмайды.

       Өтініш беруші балалардың бірге тұратын көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы тағайындауға арналған өтініште бірге тұратын балаларды көрсету арқылы өз бетінше растайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері олардың тұрғылықты жері болып танылады.

     Ерлі-зайыптылар арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда балалардың ата-анасының біреуімен бірге тұруы сот шешімімен расталады.

     Төртінші бала отбасында дүниеге келгенде, бір жарым жасқа дейін туу және оған күтім жасау жәрдемақыларынан басқа, үлкен бала кәмелетке толғанға дейін отбасына көп балалы отбасы ретінде ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Бұл 2026 жылы 16,03 АЕК немесе 69 330 теңге. Кәмелетке толмаған бес балаға ай сайын бюджеттен 20,04 АЕК немесе 86673 теңге бөлінеді. Алты балаға берілетін жәрдемақы 24,05 АЕК немесе 104017 теңгені, жетеуіне 28,06 АЕК немесе 121360 теңгені, сегіз және одан да көп балаға әрбір келесі балаға 4 АЕК немесе 17300 теңгені құрайды. 

         Бұл төлемдердің барлығы жыл сайын есептік көрсеткішпен бірге көтеріледі және үлкен балалар 18 жасқа толғанда азаяды. Көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін білім алатын 18 жастан асқан балалар да ескеріледі.

      Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.

     Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 74 бабына сәйкес әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды алушы:

       1) заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;

      2) әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияға бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының, наградталған анаға берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін өзгертуге негіз болатын мән-жайлар туралы осындай өзгерістер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

      Алушы бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының, наградталған анаға берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда, олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ олар тағайындалған кезден кейін қайта қаралады;

       3) әлеуметтік төлемдер мен балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтаруды жүргізуге міндетті.

          "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналар да жеке жәрдемақы алуға құқылы. "Күміс алқа" алқасымен марапатталған аналарға жәрдемақы ай сайын 6,40 АЕК немесе 27680 теңге мөлшерінде төленеді. "Алтын алқа" алқасымен марапатталған аналарға жәрдемақы -7,40 айлық есептік көрсеткіш немесе 32005 теңге төленеді. Аталған төлемдер алты немесе одан да көп баланы дүниеге әкелген әйелдерге төленеді. 

 

«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ-нің

зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің

бас маманы

Б.Мухамадиева