
2026 жылғы 25-26 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. М. Ертаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Сүгірова «Аққайың орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Medica Line» отбасылық денсаулық орталығы, «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК дәрігерлік - консультативтік комиссияларының төрағаларымен кеңес өткізді.
Кеңес барысында тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаудың негізділігі, 031/е нысанындағы «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» құжатын толтыру сапасы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ерекше тетік арқылы мүгедектікті белгілеу пилоттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, ДКК төрағаларына басқа өңірлерде сырттай проактивті куәландыруға құжаттарды ұсыну кезінде анықталған бұзушылықтардың 167 фактісі туралы ақпарат жеткізілді.