
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің негізгі функцияларының бірі халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.
Әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспарға сәйкес облыстың 15 әлеуметтік нысанында тексеру жүргізу жоспарланған болатын.
Нәтижесінде 14 профилактикалық және 2 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету саласында 27 бұзушылық анықталды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялаудың енгізілді.
Лицензиялаудың негізгі мақсаты – бірыңғай сапа стандарттарын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту.
2025 жылы облыс бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 25 ұйым лицензия алды.
Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің қабылдануына байланысты 2026 жылғы 1 шілдеден бастап департамент жаңадан пайдалануға берілетін объектілердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны келісуді жүзеге асыратын болады.
https://www.instagram.com/p/DaAL6XACO_8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==