
2026 жылғы 8 маусымда Петропавл қаласындағы «Dostyg Mall» сауда үйінің алаңында «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ мамандары тоқсан сайын өткізілетін «Ашық есік күні» акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында облыс пен Петропавл қаласының тұрғындары зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.