
2026 жылғы 04 маусымда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау және бақылау бөлімінің прокурорлары Г.А. Қайсина және Д.Р. Мұқан мемлекеттік қызметшілер үшін семинар өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген өтініштерді қарау тәртібіне қатысты өзгерістер таныстырылып, жан-жақты түсіндірілді.
Өтініштерді қарау рәсіміне қатысты қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға баяндамашылар толық әрі жан-жақты жауаптар берді.