Әлеуметтік қызмет көрсету порталына мониторинг жүргізу

Әлеуметтік қызмет көрсету порталына мониторинг жүргізу

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ тарапынан Әлеуметтік қызметтер порталының толтырылу сапасына және мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету іс-шараларына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Негізгі бұзушылықтар: барлық тауарлар бойынша сертификаттардың болмауы, сондай-ақ техникалық оңалту құралдарының атауларының Классификаторға сәйкес келмеуі болып табылады.

Мониторинг нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына шаралар қабылдау үшін хат жолданды.