
2026 жылғы 10 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сүгірова Е.У. «Солтүстік Қазақстан облысының қәсіподақтар орталығы» АКБ-ның еңбек ұжымында «Қазақстан Республикасында зейнетақы, әлеуметтік және денсаулықты сақтауды реттеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге қатысты.
Е.У.Сүгірова «Солтүстік Қазақстан облысының қәсіподақтар орталығы» АКБ-ның еңбек ұжымында «Медициналық әлеуметтік сараптама мәселесі» тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ СҚО бойынша филиалының және «СҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» өкілдері қатысты.
Кездесу барысында туындаған сұрақтарға толық жауаптар берілді.