
Облыстың білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметті ілгерілету және оқушылар арасында ерте кәсіптік бағдар беру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында 2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында Мемлекеттік қызмет апталығы өткізілді.
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысының орынбасары Е.У. Сүгірова «Д.М. Карбышев атындағы №40 орта мектеп» КММ-сінің оқушыларымен кездесуге қатысты.
Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметте шамамен 30 жыл еңбек өтілі бар екенін айтып, мемлекеттік қызметші жоғары жауапкершілік, адалдық, әділдік сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, өз мамандығын жетік меңгеруі, іскерлік қарым-қатынас дағдыларының болуы, даулы жағдайларды шеше білуі, күрделі мәселелерді қарапайым тілмен түсіндіре алуы, қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауы, нормативтік- құқықтық актілерді білуі қажет екенін жеткізді.