
2026 жылғы 30 наурызда «Айсберг» Сауда үйі алаңында «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің мамандары тоқсан сайынғы «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Ашық есік күнінде облыс пен Петропавл қаласының тұрғындары зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы, мүгедектігі бар адамдар үшін, сондай-ақ халықтың аз қозғалатын топтары үшін қолжетімділік мәселесі бойынша қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Әлеуметтік мәселелер бойынша барлығы 17 адам жүгінген.