
2026 жылғы 31 наурызда «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары Е.Ұ.Сүгірова «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеА-да өткен медициналық мамандықтар бойынша бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Жәрмеңке барысында студенттердің ұсынылған түйіндемелерімен танысып, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың болашақ медицина түлектерімен сұхбат жүргізді.