
2026 жылғы 12 наурызда азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жіберу мәселелері және жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мүгедектікті сырттай проактивті форматта белгілеудің ерекше механизмін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы М.Қ. Омаров, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Ж.Саржанов, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының мамандары, қала мен облыс аудандарындағы медициналық ұйымдардың басшыларының орынбасарлары және дәрігерлік-консультативтік комиссиялардың төрағалары қатысты.
Кеңес барысында азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жіберудің нақты жағдайлары, 031/у нысанындағы «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» құжатын сапасыз толтыру мәселелері қарастырылып, қойылған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының мамандарына тиісті тапсырмалар беріліп, азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жіберуді азайту бойынша алдағы шаралар айқындалды.