
2026 жылғы 18 наурызда сағат 10:00-де Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің "Facebook.com" әлеуметтік желідегі (https://www.facebook.com/depsocsko/) ресми парақшасында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Күлбаршын Әміржанқызы Әубәкірованың қатысуымен «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі» тақырыбында тікелей эфир өтеді.
Тікелей эфир кезінде Сіз зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы сұрақтарыңызды қоя аласыз.