
2026 жылдың 10 наурыз айында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің № 1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Протездік- ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп- тұру құралдарын ұсынуға медициналық- әлеуметтік көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер» тақырыбында «Пресновка әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» мамандарымен семинар өткізді.
Семинар барысында техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Мекеме дәрігерлері тарапынан мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту және абилитацияның жеке бағдарламасын әзірлеуге қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Практикалық мысалдар негізінде кресло- арбалардың және жүріп- тұруға арналған құралдардың түрлері, сондай-ақ оларды тағайындауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер қарастырылды.
Семинар белсенді талқылау форматында өтті, мамандар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша қажетті түсіндірмелер алды.