
Ағымдағы жылдың 05 наурызында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде облыс және Петропавл қаласының тұрғындарымен, сондай-ақ мүгедек адамдармен, техникалық оңалту құралдарын, атап айтқанда гигиеналық құралдарды беру мәселесі бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламаларына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталында гигиеналық құралдарға өтініш беру және оны алу тәртібі түсіндірілді.