
2026 жылдың ақпан айында зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен - 4566 мемлекеттік қызмет, медициналық-әлеуметтік сараптамамен - 441 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Қ. Омаровпен 2026 жылдың ақпан айында азаматтарды жеке қабылдау жүргізіліп, 7 адам зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жүгінді.
Теледидарда "2026 жылдың 01 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды арттыру" тақырыбында 1 сөз сөйлеу өткізілді.
Еңбек ұжымдарымен зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруды түсіндіру, медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша 3 кездесу өткізілді.
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері сайлау учаскелерінің төрағаларымен сайлау учаскелерінің объектілерін мүгедектерге бейімдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 3 мақала жарияланды.