Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы.

Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өткізуге байланысты және мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Е. У. Сугуровамен және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Р. С. Жұмабаевпен, бейне-конференц-байланыс бойынша, қала мен облыстың сайлау комиссияларының төрағаларымен және мүшелерімен халықтың аз қозғалатын топтары үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Осы кеңес барысында сайлау комиссияларының өкілдеріне қолданыстағы заңнаманың талаптары, қолжетімді ортаны қалыптастыру қағидаттары, сондай-ақ сайлау учаскелерін бейімдеудің ақылға қонымды шаралары түсіндірілді.