
2026 жылғы 27 ақпанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде департамент басшысы Марат Қосылұлы Омаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алдағы Республикалық референдум мәселелеріне арналған жиналыс өткізілді.
Кездесу барысында ұсынылған түзетулердің негізгі ережелері, олардың мемлекетті одан әрі дамыту, заңдылық, ашықтық қағидаттарын нығайту және Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін маңызы түсіндірілді.
Жиналысқа қатысушылар пікір алмасып, еліміздің тұрақты дамуы үшін жүргізіліп жатқан конституциялық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында департамент басшысы ұжымды азаматтық жауапкершілік танытуға және алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.