
2026 жылғы 18 ақпанда «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ -нің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру филиалының өкілдері құрамындағы облыстық ақпараттық топ «Қалалық мәдениет үйі» МКҚК-ның еңбек ұжымында «Қазақстан Республикасында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында ақпараттық топ өкілдері кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына толық жауаптар берді.