
2026 жылғы 24 ақпанда 2025 жылғы жұмыс қорытындылары және 2026 жылға қойылған міндеттер бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.
Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Маратұлы Ертаев, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының басшылары, мемлекеттік органдардың, әлеуметтік әріптестер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Алқада әлеуметтік қорғау, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, Министрліктің 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған 2026 жылға арналған міндеттер қойылды және талқыланды.
Аталған алқаға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Қ. Омаров қатысты.
Сол күні ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.В. Скуб Комитеттің аумақтық департаменттерінің басшыларымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау, сырттай проактивті куәландыру, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Алқа отырысы мен кеңестің қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, Министрліктің қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде тапсырмалар берілді.