
2026 жылғы 19 ақпанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде басшы М.Қ. Омаровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.С. Махатов мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі өзгерістер, мемлекеттік қызметке қабылдау және қызметті атқару тәртібіндегі өзгерістер, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау мәселелері, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау (лудомания, құмар ойындарға қатысу) мәселелері қаралды.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және Әдеп кодексі талаптарын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.