Салтанатты іс—шара өткізу

Салтанатты іс—шара өткізу

2026 жылғы 12 қаңтарда «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-де  зейнеткеріміз – Оразбек Рүстемұлы Айдарбековті «Еңбек ардагері» медалімен марапаттауға арналған іс-шара өтті.

Құттықтау сөзбен Департамент басшысы М.Қ. Омаров сөз сөйлеп, Оразбек Рүстемұлы Айдарбековтің әлеуметтік жүйенің дамуына қосқан зор үлесін, көпжылдық адал еңбегін атап өтті.

Сондай-ақ, Департамент ұжымы өздерінің ыстық ықыласымен шынайы алғыстарын білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.