
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру және өтініштерді қарау барысында заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 9 қаңтарда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау және бақылау бөлімінің прокуроры М.С. Мұхтаров департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өтініштерді қарау тәртібі бойынша қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты және толық жауаптар берілді.