
2025 жылғы 26 желтоқсанда «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша кеңес өтті.
Аталған отырыста 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының қорытындылары бойынша баяндама жасап, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Қ.Омаров сөз сөйледі.
Баяндамада жүргізілген жұмыстың нәтижелері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі алдағы шаралар қамтылды.