
2025 жылдың 23 желтоқсанда Департамент басшының орынбасары Е.Ұ. Сүгірова және № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Т.Н. Вржец «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ҚММ-нің «Қызылжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны мамандарымен семинар өткізді.
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама беру, адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау, «Медициналық-әлеуметтік сараптама туралы қорытынды» 031/е нысанын дұрыс толтыру мәселелері қаралды.
№2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ҚММ «Қызылжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-нің дәрігерлік-консультациялық комиссиясымен жіберілген тұлғаларға «Мүгедектігін және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша қорытындылары жеткізілді.
Сондай-ақ емхана дәрігерлерінен келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар берілді.